ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің «Балалар шығармашылық үйі» КМҚК
КГКП «Дом детского творчества» отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области
Баянаул, МУСА ШОРМАНОВА, 2
87712762732
tukenova_gulden@mail.ru

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің «Балалар шығармашылық үйі» КМҚК
КГКП «Дом детского творчества» отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз

1. Жалпы мәліметтер

Лагерь Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Торайғыр ауылында орналасқан. Ұйымдастырушысы – «Балалар шығармашылық үйі» КМҚК. Лагерь маусымдық, қала сыртындағы шағын сауықтыру орталығы болып табылады. 4 ауысымда жалпы саны 160 бала қамтылады. Барлық демалушылар (әлеуметтік қорғалмаған топтар) категориясы бойынша толықтай тегін жолдамамен демалады.

2. Бағдарламаның мақсаты мен бағыты

Бағдарлама «Біртұтас тәрбие : Адал азамат» тұжырымдамасы негізінде жасалған. Басты мақсат – балалардың азаматтық бірегейлігін, шығармашылық әлеуетін, салауатты өмір салтын және әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру үшін қауіпсіз әрі дамытушы орта құру.

3. Танымдық және сауықтыру іс-шаралары

Экскурсиялар мен саяхаттар: Қоңырәулие үңгіріне, Найзатас тауларына, сондай-ақ Кемпіртас, Әулиебұлақ және Сарыадыр бұлақтарына танымдық саяхаттар ұйымдастырылады.

Мәдениет және білім: Қ.И.Сатпаев пен С.Торайғыров атындағы музейлерге және Торайғыр ауылдық кітапханасына бару.

Сауықтыру: Сабындықөл көлінің арнайы жағажайында шомылу шаралары.

4. Ұйымдастыру ерекшеліктері

2026 жылғы жазғы маусымда 4 ауысым жоспарланған (әр ауысым – 12 күн). Балалар жас ерекшеліктеріне қарай 3 жасаққа бөлінеді. Бағдарлама аясында кешкі мәдение іс-шаралар, квесттер, дебаттық алаңдар және күнделікті «Шырақ жанындағы әңгіме» рефлексиясы өткізіледі.

5. Күтілетін нәтижелер

Балалардың азаматтық құндылықтарын қалыптастыру, денсаулықтарын нығайту және шығармашылық дағдыларын дамыту. Ауысым соңында қатысушылардың қанағаттану деңгейінің кемінде 85% болуы көзделеді.

© 2026. Все права защищены.